Ләззат Қожахмет: Ауылдағы ағайын 6 пайыздық несие ала алмай отыр

1128

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі ауылдағы үйлердің кепілдік құнын жоғарылатуды сұрады.

Ләззат Қожахмет: Ауылдағы ағайын 6 пайыздық несие ала алмай отыр

Пандемия кезінде елге қолдау көрсету үшін бөлінген 6 пайыздық несиеге ауылдағы ағайын қол жеткізе алмай отыр. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ләззат Қожахмет осындай мәселе көтерді.

"Ауылдық тұрғындарға берілетін 6 пайыздық несие бар. Бірақ, өкінішке қарай, осы "ҚазАгро" холдингіне қарасты акционерлік қоғамда ауылдағы мүліктерді өте төмен бағалайды. Мысалы, ауылдағы үйдің бір шаршы метрін 6 мың теңгеге бағалайды. 6 миллиондық кредитті алу үшін бірнеше баспанаң болуы керек, не болмаса, үлкен жайылымдық жерің болуы керек. Яғни ауылдағы тұрғындарға 6 пайыздық кредитті беру шарттарын жеңілдетіп, бағалайтын мүлік құнын жоғарылатуды сұраймыз", – деді ол.

Есжан Ботақара 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу