Ләззат Рамазанова: Зейнеталды жастағы әйелдерді қолдау амалдары қарастырылуда

836

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы, "AMANAT" партиясының депутаты Ләззат Рамазанованың айтуынша,  Қазақстанда зейнеталды жастағы әйелдерді қолдау амалдары қарастырылуда.

Ләззат Рамазанова: Зейнеталды жастағы  әйелдерді қолдау амалдары қарастырылуда

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Ұлттық комиссия мүшелері, Мәжіліс депутаттары мен зейнет жазын төмендетуді қолдайтын Қазақстан әйелдер қозғалысы белсенділерінің  қатысуымен жұмыс тобы аясында осыған қатысты талқылау өткен.

"Қоғам белсенділері бұл мәселені жиі қозғап жүр. Әйелдердің 60 жастан кейін толыққанды жұмыс істеуі және бұл жаста лайықты еңбекақыны қамтамасыз етуі қаншалықты қиын екендігіне дәлелдерін келтіруде. Кезінде зейнеткерлік жасын ұлғайтарда еліміз халықаралық тәжірибеге сүйенді. Алайда еңбек өтілін және әйелдер қызмет ететін нақты салаларды, сондай-ақ денсаулық сақтау статистикасын  саралауды да ескеру аса маңызды", - деді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова.

Ұлттық комиссия төрайымының айтуынша, соңғы үш күнде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде белсенділердің қатысуымен кездесулер өткен. Барлық мүдделі тараптың айтқан ұсыныстары мен дәлелдерін естіп, оны жұмыс тобы өз қарауына алған.

"Өзара түсіністік бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы жүйесін реформалау тұжырымдамасы аясында алда жаңаша есептеуді қолға алып, Үкіметтің қарауына ұсынады. Алдымызда қыруар жұмыс тұр, десе де маңызды әрі бірінші қадам жасалды деп ойлаймын", - деді Ләззат Рамазанова.

Осыған дейін белсенділер әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендетуді қолдайтын митинг өткізу туралы хабарлаған болатын.

Естеріңізге салсақ, Қазақстанда 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы ұзартылған. Салыстырып қара болсақ, 2021 жылы әйелдер зейнетке 60 жастан бастап шығатын, ал биылғы қаңтардан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы 60 жасқа тағы 6 ай қосып ұзартылған. Ал ер кісілер зейнетке 63 жастан шығады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу