Ләззат Танысбай "НҰР-Медианың" бас директоры болып тағайындалды

1189

Ләззат Танысбай "НҰР-Медианың" бас директоры болып тағайындалды

Бүгін "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев "НҰР-Медиа" холдингінің ұжымына ұйымның жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды nurotan.kz.

Холдингтің бас директоры болып белгілі тележурналист, кәсіби маман, үздік топ-менеджер Ләззат Танысбай тағайындалды.

Қазіргі таңда Ләззат Танысбай отандық ақпарат айдынында өзіндік орны бар "Астана" телеарнасын табысты басқарып отыр. Енді ол "НҰР-Медиа" холдингінің басшылығын да қатар алып жүрмек.

Осы қызметте оған табыс тілеген "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары алдағы уақытта Л.Танысбайдың өзіне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындайтынына сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу