Ләззат Танысбай – телевизия және медиа саласындағы 30 жылдан аса еңбек өтілі бар медиаменеджер, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол әр жылдары "Астана" телеарнасын, "Нұр-Медиа" медиахолдингін, "Қазақстан" РТРК" АҚ-ны және "Бірінші арна Еуразия" телеарнасын басқарды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі қызметін атқарды.
– "Хабар" агенттігінің" басқарма төрағасы ретінде Ләззат Танысбайға агенттіктің қалыптасқан әлеуетін сақтай отырып, оның негізгі қызмет бағыттарын кезең-кезеңімен жаңғырту, сондай-ақ "24KZ" телеарнасының еліміздің жетекші қоғамдық-саяси арнасы ретіндегі орнын нығайту міндеті қойылды, – деп жазылған министрлік таратқан мәліметте.
Жаза кетейік, Кемелбек Ойшыбаев "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды.