Леди Гаганың Бразилияда 2 млн адам жиналған концертінде жарылыс бола жаздады

103

Рио-де-Жанейродағы әйгілі Копакабана жағажайында өткен Леди Гаганың тегін концерті кезінде лаңкестік әрекет жоспарланған. 

Леди Гаганың Бразилияда 2 млн адам жиналған концертінде жарылыс бола жаздады Фото: interfax

Бұл туралы BBC хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бразилиялық полиция мәліметінше, теракт сенбі күні өтетін концертке бағытталған. Оған 2 миллионнан астам адам қатысқан. Құқық қорғау органдары шабуыл ұйымдастыруды көздеген күдіктіні және оның сыбайласы – жасөспірімді қамауға алды.

Рио-де-Жанейро штатының азаматтық полициясы мен Әділет министрлігі бірлесіп жүргізген тергеу барысында шабуылшылар қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды іске қосуға дайын болғаны анықталған.

Полиция бұл әрекетті ЛГБТ қауымдастығына, балалар мен жасөспірімдерге қарсы бағытталған жеккөрінішті үгіт-насихатпен байланыстырды.

Болжам бойынша ұйымдастырушы Рио-Гранди-ду-Сул штатында заңсыз атыс қаруын сақтағаны үшін қамауға алынды. Ал жасөспірім Рио қаласында балалар порнографиясын сақтағаны үшін ұсталды.

Құқық қорғау органдарының жедел әрекетінің арқасында концерт кезінде жарылыс болмаған. Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу