Lego компаниясы рекордтық табысқа кенелді

101

Даниялық ойыншық өндірушінің ірі брендтермен әріптестік құру арқылы тапқан табысы 5,4 миллиард долларға жетті.  

Lego компаниясы рекордтық табысқа кенелді Фото: moskvichmag.ru

Lego сәрсенбі күні 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы сатылым көлемі 12%-ға өсіп, рекордтық 5,43 миллиард АҚШ долларына жеткенін хабарлады.

Бұл жетістікке Formula One және Jurassic сияқты ірі брендтермен серіктестігі себеп болған, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Биыл ойыншықтар нарығы қайтадан өсе бастады, алайда біз нарықтан озық дамып, өз үлесімізді арттырып келеміз, – деп мәлімдеді Lego компаниясының бас директоры Нильс Кристиансен.

Оның айтуынша, жалпы ойыншықтар нарығы шамамен 7%-ға өскен.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Lego барлық негізгі нарықтарында өсімге қол жеткізді, соның ішінде соңғы жылдары Қытайда қиындықтарға тап болған.

Компания Мексиканың Монтеррей қаласындағы ең ірі өндірістік алаңын кеңейтіп жатыр. Сондай-ақ Венгриядағы өндірісті ұлғайтуда. Ал АҚШ-тың Вирджиния штатында салынып жатқан жаңа зауыт 2027 жылы іске қосылады деп күтіледі.

2025 жылдың алғашқы жартысында Lego рекордтық 314 жаңа конструктор жиынтығын шығарды. Сонымен қатар, Bluey және One Piece сияқты танымал брендтермен әріптестік арқылы тұтынушылар базасын кеңейтіп келеді.

Ал, Pokémon брендімен бірлескен жобаның 2026 жылға жоспарланғаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу