Лексусты сатып, төрт жыл өмір сүруге болады – Айтбек Амангелді Байжановтың қаржылық жағдайы туралы айтты

302

Астанада азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуаныдық Бишімбаев пен аса ауыр қылмысты жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжановқа қатысты аппеляциялық сот отырысы өтіп жатыр. 

Лексусты сатып, төрт жыл өмір сүруге болады – Айтбек Амангелді Байжановтың қаржылық жағдайы туралы айтты Фото: Jogargy_sot

Жәбірленуші Айтбек Амангелді Бақытжан Байжановтың адвокаты Ғазиз Ынтықбековтың сөзіне назар аударды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, Байжановтың қорғаушысының сөзі апеляциялық шағымға қарағанда пікірталасқа көбірек ұқсайды.

"Байжанов – отбасындағы жалғыз асыраушы, отбасында ақша жоқ деген әңгімелер айтылып жатыр. Бірақ Бишімбаевтың мүлкі Байжановтың атына тіркелгенін бәрі жақсы біледі. Егер ол дүние-мүліктерді сатса, Байжанов жазасын өтеп шыққанға дейінгі уақытқа жетеді деп ойлаймын", – дейді марқұмның ағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу