10 тамыздағы жағдай бойынша әлемдік мұнай бағасы көтеріліп келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Биржадағы сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, Brent маркалы мұнайдың құны 1,01% қымбаттап, барреліне 84,39 долларға жетті.
Oilprice деректеріне сүйенсек, америкалық WTI мұнайы 0,75% өсіп, барреліне 78,81 долларға жетті. 4%-ға жуық өскен Urals маркалы мұнайдың бағасы барреліне 79,19 доллар болды.
Ормуз бұғазы төңірегіндегі ахуал мұнайы бағасының құбылуына әсер етіп отыр. Жұма күні АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерге байланысты Brent маркалы мұнай бағасы 83,33 долларға дейін, ал WTI мұнайы 78,18 долларға дейін қымбаттаған болатын.
Сонымен қатар Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы кеме өткізу мәселесі бойынша келісімге жақындай түсті.
Дегенмен, тараптар арасындағы келіссөздер туралы хабарламаларды инвесторы әлі де сақтықпен бағалап отыр. Себебі әлемдегі басты мұнай тасымалы бағыттарының бірі арқылы кемелердің өту режиміне қатысты белгісіздік бар.