Әлемдік мұнай бағасы өсіп жатыр

165

Brent маркалы мұнай бағасы 2,09%-ға өсіп, барреліне 66,02 долларға жетті.    

Әлемдік мұнай бағасы өсіп жатыр Фото: shutterstock.com

Ал, WTI маркалы мұнай бағасы 2,4%-ға өсіп, бір баррель бағасы 62,80 долларды құрады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұған бүгін АҚШ шикізат нарығының жаңа статитикасын жарияланғаннан кейін мұнай бағасы өсе бастады.

Деректерге сәйкес, елдегі коммерциялық мұнай қоры (стратегиялық резервті қоспағанда) 0,5 млн баррельге артып, жалпы мөлшері 442,9 млн баррельді құрады.

Өсім сарапшылардың болжамынан біршама жоғары болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу