Әлемдік нарықта мұнай бағасы көтерілді

277

Нарық сыртқы саяси тұрақсыздық пен сұраныстың төмендеуіне қатысты  болжамдарға жауап берді.    

Әлемдік нарықта мұнай бағасы көтерілді Фото: apa.az

Лондон аралық биржадағы сауда барысында Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,56%-ға немесе $0,38 өсіп, барреліне $68,11 құрады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Нью-Йорк тауар биржасында NYMEX WTI маркалы мұнай баррелінің құны 0,57%-ға немесе 0,37 долларға өсіп, 65,61 долларды құрады.

Инвесторлар экономикалық және геосаяси қауіптер аясында шикізат активтерін жаппай сата бастады. Бағаға қосымша қысым ретінде АҚШ пен Қытайда монетарлық саясатты жұмсарту жөніндегі талқылаулар мен Таяу Шығыстағы тұрақсыз секілді жағдайларды атап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу