Леңгірде араққа салынған ананың балалары аш, жарығы жоқ сыз үйде өмір сүріп жатыр

1459

Балалардың ендігі тағдыры не болмақ?

Леңгірде араққа салынған ананың балалары аш, жарығы жоқ сыз үйде өмір сүріп жатыр Фото: Динара Зәкиева

Түркістан облысында араққа салынған ана мүгедек баласын базарға жіберіп, қайыр сұратқан. Тіпті олардың тұрып жатқан жерінің өзі кісі шошырлық. Бұл туралы Түркістан облысын аралаған Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Түркістан облысында 10 бала аш-жалаңаш қауіпті үйде өмір сүріп жатыр.

"Түркістанда әйел мүгедек баласын базарға шығарып, қайыр сұратқан. Леңгір қаласында 10 кәмелетке толмаған бала антисанитария жағдайында қауіпті үйде өмір сүріп жатыр. Көршілерінің айтуынша, шешелері араққа салынып кеткен. Қорғаншылық және потранаж  органдары бұл отбасыны барып тексермеген, ол жерде 4 кішкентай бала бар. Балалар аш, ас-сусыз, жарығы жоқ сыз үйде өмір сүріп жатыр", – деп жазды ол.

Динара Зәкиева бүкіл ауданда кәмелетке толмағандардың ісімен айналысатын комиссия жұмысын сынға алды.

"Мәселен, Отырар ауданында 36 отбасы полицияның есебінде тұр, бірақ бірде-бір отбасының жағдайын комиссия қарамаған, отбасыларға көмектесу, оларды жұмысқа орналастыру жоспары жоқ. Басқа аудандарда жәрдем беру, жұмыс ұсыну жоспарынсыз ескерту жазып береді. Мұндай проблемаларды шешу үшін Отбасын қолдау орталықтары қажет", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу