Төлеби ауданы Ленгір қаласында қатты жауған нөсер салдарынан өзен бойындағы аулалар мен үйлерге су кірді. 300-ден астам адам 4 топқа бөлініп, таңғы сағат 8-ден бастап тазалау жұмыстарына кіріскен.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, адам шығыны жоқ, мал да аман.
Ұйымдастыру жұмыстарына 33 арнайы техникалар тартылған. Қазіргі таңда ажыратылған 121 абонент қалпына келтіріліп, табиғи газға қайта қосу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Көршілес Сайрам, Түлкібас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері көмектерін ұсынуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу