Әлеуметтік желіде Түркістан облысының Ленгір қаласында бетперде таққан бірнеше адамның жеке үйге басып кіріп, әйелді таңға дейін ұрып-соққаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Желіде бейнежазба тарады. Бейресми ақпаратқа сәйкес, шабуыл жасағандар бетперде таққан.
Түркістан облысының Леңгір қаласындағы шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Алдын ала мәліметтер бойынша түнгі уақытта белгісіз адамдар тұрғын үйге кіріп, жәбірленушіге дене жарақатын келтірген және ұялы телефонын алып кеткен. Қазіргі уақытта әйелдің жағдайы тұрақты және оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Полиция күдіктілерді тезірек ұстауға бағытталған тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралар кешенін жүргізуде. Барлық жағдайлар анықталуда. Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында", – деп хабарлады Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.