Түркістан облысында тұрғынға шабуыл жасаған күдіктілер қолға түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Леңгірде түнгі уақытта екі белгісіз адам жергілікті тұрғынның үйіне заңсыз кіріп, оған дене жарақатын салып, телефонын алып кеткен.
"Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктілер және олардың орналасқан жері анықталды. Күдікті ретінде Төлеби ауданының 2 тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді ІІМ өкілдері.
Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу