Эквадор президенті Рафаэль Корреа сайлаудың алғашқы алдын-ала ресми нәтижесінен соң оңшыл күштің жеңіліс тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inform.kz.
Ұлттық сайлау кеңесінің алдын-ала деректеріне сүйенсек, 91,88% дауыстың 51,04%-ы билік басындағы блоктың кандидаты Ленин Мореноға тиесілі, ал оның қарсыласы оңшыл күш атынан шыққан Гильермо Лассо 48,96% дауыс жинаған.
"Ұлы отанымыз үшін үлкен жаңалық: Эквадорда революция жеңіске жетті, оңшыл күш миллиондары мен БАҚ-қа қарамастан екі пайызға жеңілді. Ленин – президент", - деп жазды Корреа өзінің Twitter микроблогына.
Корреаның айтуынша, бұл – оңшылдардың рухани жеңілуі. "Бұл жазасыз қалмайды", – деді биыл мамыр айында биліктен кететін президент.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу