Ленинді Жұмабаев ауыстырды

1007

Ленинді Жұмабаев ауыстырды

ҚР үкіметінің қаулысымен Атырауда жеті мектепке атау беріліп, үш мектеп қайта аталған. Крупская атындағы орта мектепке атақты әскери ұшқыш Хиуаз Доспанованың есімін беру туралы ұсыныс республикалық ономастикалық комиссияда қаралуда. Бұл туралы брифингте облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Әсия Қыстаубаева айтты, деп хабарлайды.

Атырауда №2 орта мектебі - Жұмекен Нәжімеденовтің,  № 33 орта мектебі - Қасым Қайсеновтің, №23 орта мектебі - Ахмет Байтұрсыновтың, №35 мектеп-гимназиясы- Хамит Ерғалиевтің,  №22 орта мектебі- Әлия Молдағұлованың, №6 орта мектебі - Мұрат Мөңкеұлының,  Қызылқоға ауданындағы № 1 мектеп-гимназия - Ығылман Шөрековтің есімімен аталатын болды.

Сонымен қатар, Атырау қаласындағы Ленин атындағы орта мектеп - Мағжан Жұмабаевтың есімімен; Балықшы ықшам ауданындағы Абай Құнанбаев атындағы орта мектеп - Мақаш Бекмұхамбетовтің есімімен; Махамбет ауданындағы "Таңдай" орта мектебі - Қаршыға Ахмедияровтың есімімен қайта аталған.

Басқарма басшысы ономастика саласы бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Облыстық ономастикалық комиссиямен 24 көшеге ат беру, 333 көшенің бұрыннан қалыптасқан атауларын заңдастыру бойынша оң қорытынды шығарылған. Қазіргі уақытта мақұлданған атауларды ресми заңдастыру қала және аудан әкімдіктеріне жолданған.

"Бұрын үкіметтің осындай қаулыларын тиісті министрлік дайындап келсе, 2013 жылдан бері мемлекет меншігіндегі нысандарға ат беру, қайта атауға қатысты қаулыларды дайындап, Үкіметтің қарауына енгізу енді жергілікті атқарушы органдарға жүктелген", - дейді Қыстаубаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу