Ленинград облысында қазақстандық жауынгерді қайта жерлеу рәсімі өтті

926

Ф.Ельцов 1942 жылы майданға шақырылып, ал 1943 жылдың тамызынан бастап хабар-ошарсыз кеткен.  

Ленинград облысында қазақстандық жауынгерді қайта жерлеу рәсімі өтті

Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы Бауыржан Досманбетов "Невский Пятачок" атты плацдармында кеңес жауынгерлерінің сүйектерін қайта жерлеуге арналған аза тұту рәсіміне қатысты, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

421 жауынгердің арасында Солтүстік Қазақстан облысынан шақырылған сарбаз Ельцов Филипп Иванович те жерленді. Ф.Ельцов 1924 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Березники ауылында дүниеге келген. Ол 1942 жылы майданға шақырылып, ал 1943 жылдың тамызынан бастап хабар-ошарсыз кеткендер қатарында болды. Әскери борышын атқару барысында Ф.Ельцов "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен марапатталған.

Қазақстандық жауынгердің жақын туыстары оны Ленинград облысында жерлеуге ниет білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу