Lenovo смартфондар шығаруды тоқтатады

940

Lenovo смартфондар шығаруды тоқтатады

Қытайдың Lenovo компаниясы өз брендімен смартфондар шығаруды тоқтатады, деп жазады Gizmochina дербес дереккөзіне сілтеме жасап.

Дереккөздің порталға берген ақпараты бойынша, Lenovo-да болатын өзгеріс көп күттірмеуі тиіс.  Компанияның келесі модельдері Moto брендімен шығатын болады.  Бұрынғы атаумен шығатындардың соңғысы P2 болмақ. Ол Қытайда 8 қарашада жария болады. Сол күні жаңа Moto M да көпшілікке таныстырылады.

Компания өкілдері Lenovo брендімен смартфондар шығаруды доғаратындығы жайлы сыбысты ресми растаған жоқ. Бұл жәйт P2 таныстырылған соң жария болуы мүмкін. 

Айта кетейік, Lenovo 2014 жылы қаңтарда Google-дан 2,91 миллиард долларға мобильдік құрылымдарды шығаруға кәсіптенген Motorola Mobility-ді сатып алған болатын. Lenovo-мен жасалған мәміле шарты бойынша  америкалық интернет-компания Motorola Mobility патенттерін өзіне қалдыра алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу