Лео Игитаның әрекеті үшін "Қайрат" футзал клубына айыппұл салынды

203

Қазақстан футбол федерациясының Әдеп жөніндегі комитетінің отырысы өтті.

Лео Игитаның әрекеті үшін "Қайрат" футзал клубына айыппұл салынды Фото: Informburo.kz

Қазақстан футбол федерациясынан мәлім еткеніндей, онда қарсылас команданың атрибутикасына құрметсіздік танытқан "Қайрат" футзал клубы ойыншыларының спортқа жат әрекеттеріне қатысты мәселе қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.  

Комитет шешіміне сәйкес "Қайрат" АФК-ға 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

"Айыппұлды 2024 жылдың 10 шілдесіне дейін төлеу қажет. "Қайрат" АФК бас директоры А.Құжановаға ескерту түрінде тәртіптік жаза берілсін. "Қайрат" АФК аталмыш жағдайдың бастамашыларын (араңдатушыларын) тауып, түсіндіру жұмысын жүргізуге міндеттелсін. Нәтижесін 2024 жылдың 24 маусымына дейін хабарласын", - делінген ресми ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу