Левит пен Тищенко жекпе-жегінің төрешілері жазаланды

789

 Ақтық жекпе-жекте қазақстандық Василий Левит төрешілердің шешімімен ресейлік Евгений Тищенкодан жеңілген болатын.

Левит пен Тищенко жекпе-жегінің төрешілері жазаланды

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында қызмет еткен төрешілер мен реферилерді 2020 жылы Токио Олимпиадасына қатыстырмау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Inside the Games.

ХОК-та төрешілер мен реферилер пулы құрылып, төрт жылдықтың басты спорттық турнирінде жұмыс істеуге лайықты мамандар таңдап алынады. Токио Олимпиадасының қазылар алқасы арнайы аттестациядан өтіп, әр төрешінің өмірбаяны да тексеріледі. Алдағы Олимпиада ойындарының тағы бір жаңашылығы, әр раундтан соң бокс жекпе-жектерінің нәтижесі есеп тақтасында көрсетіліп отыратын болады. 

Рио Олимпиадасы көптеген дау-дамайдың астында қалған еді. Әуесқой бокстың ашықтығын арттыру мақсатында ХОК осындай шараға баруда. Бүгінгі күні ХОК сол жарыста "келісілген" деп күдікке ілінген жекпе-жектерді тергеуде.

Еске сала кетейік, 2016 жылы Рио Олимпиадасында бокстан 91 келіге дейінгі салмақта өткен сайыстың финалында жерлесіміз Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенко арасындағы жекпе-жек нәтижесі үлкен дау тудырған болатын. Ақтық жекпе-жекте Василий Левит төрешілер шешімімен Евгений Тищенкодан жеңілді. Жекпе-жек нәтижесі жарияланған кезде, көрермендер ысқырып, шулап наразылық танытқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу