LG мобильді телефон өндірісін тоқтатады

1134

Шығын мен нарықтағы бәсекелестіктің жоғары болуы компанияның осындай шешім қабылдауына себеп болған.  

LG мобильді телефон өндірісін тоқтатады

Оңтүстік Кореяның LG Electronics корпорациясы ұялы телефон нарығынан кететінін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап. Мұндай шешім қабылдауға шығын мен нарықтағы бәсекелестіктің жоғары болуы мәжбүр еткен.

Агенттіктің мәліметіне сенсек, компания вьетнамдық Vingroup корпорациясы мен Volkswagen неміс автоконцерніне мобильді құрылғылар өндірісін сатпақшы болған, бірақ тараптар келісімге келе алмаған.LG ұялы телефондарының өндірісі 2015 жылдан бастап шығынға ұшырай бастады. Компанияға келген шығын көлемі өткен жылы 4,4 млрд долларға жеткен болатын.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу