ЛГБТ клубына оқ жаудырып, 5 адамды өлтірген күдікті 190 жылға сотталды

211

Оқиға АҚШ-тың Колорадо штатында болған. 

ЛГБТ клубына оқ жаудырып, 5 адамды өлтірген күдікті 190 жылға сотталды Фото: BBC

Өзін "бинарлы емес" адамдар санатына жатқызатын жас жігіт осыдан екі жыл бұрын Колорадо штатында ЛГБТ клубына келушілерді атып өлтірген еді. Ол сейсенбіде 55 өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, 190 жылға сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Осылайша 24 жастағы Андерсон Олдрич полициямен келісімге келіп, ондаған пункт бойынша кінәсін мойындады және бұл оған өлім жазасынан құтылуға мүмкіндік берді.

Сейсенбіде үкім жарияланған федералды іс болатын, ал штат деңгейіндегі іс бойынша Олдрич өткен жылы тағы да осылай тергеумен келісім жасап, бес өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын алған. 

Судья Шарлотта Суини үкімді жариялай отырып Андерсон Олдричтің клубқа келушілерге "жыныстық ориентациясына" байланысты оқ жаудырғанын мойындағанын еске салды.

Андерсон Олдричтің адвокаттарының айтуынша, ол өзін "бинарлы емес" (адамдардың қос жынысқа қатаң бөлінуін жоққа шығаратын) тұлға санайды және өзін қазіргі ағылшын тілінде адамның жынысы белгісіз болған кезде қолданылатын "олар" есімдігімен атағанды жөн көреді.

Олдричтің өзі Колорадо-Спрингс қаласындағы Q клубында бірнеше рет болған, ал 2022 жылдың 19 қарашасында бес адамды атып өлтіріп, тағы 19 адамды жарақаттады.

Оны полиция келгенге дейін осы клуб қонағы, бұрынғы әскери Ричард Фиерро және оған көмекке келген тағы екі адам тоқтатып үлгерді. 

Сотта прокурорлар Олдричтің бұған дейін ЛГБТ қауымдастығындағы адамдар мен полиция жайында жеккөрінішпен айтқанын жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу