Ресейде Николай Басковтың бейнебаянын көрсеткен телеарнаға айыппұл салынды

353

"Странник" бейнебаяны Басковтың ресми YouTube-каналынан алынып тасталған.

Ресейде Николай Басковтың бейнебаянын көрсеткен телеарнаға айыппұл салынды Фото: Global Look Press

Мәскеудің Таганск сотының шешімімен "Точка ТВ" ойын-сауық арнасына Николай Басковтың "Странник" бейнебаянын көрсеткені үшін 1 миллион рубль айыппұл салынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Верстка" басылымының мәліметінше, оған "Кәмелетке толмағандар арасындағы ЛГБТ насихаты" бабы бойынша айып тағылған.

Сот бейнебаяннан екі "ер адам" - Басковтың лирикалық қаһарманы мен актер Вячеслав Манучаров ойнаған кейіпкер арасындағы "романтикалық қарым-қатынастың коммуникативті белгілерін" тапқан.

Атап айтқанда, қаулыда бұл кейіпкерлердің көзқарастарында және "лирикалық кейіпкердің әйел адаммен сүйісіне" реакциялардың болуымен көрсетілген.

"Верстка" басылымының жазуынша, "Странник" бейнебаяны Басковтың ресми YouTube-каналынан алынып тасталған. Ол 2012 жылы жарияланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу