ЛХР-дың Ресей құрамына кіруіне байланысты жаңа Конституция қабылданды

660

Луганск халық республикасы Халық кеңесінің пленарлық отырысы өтті, онда депутаттар ЛХР жаңа Конституциясын қабылдады. 

ЛХР-дың Ресей құрамына кіруіне байланысты жаңа Конституция қабылданды Фото: img1.eadaily.com

Бұл туралы 30 желтоқсан күні ЛИЦ агенттігі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Жаңа Негізгі заңның қабылдануы Республиканың субъект құқығында Ресей Федерациясының құрамына кіруіне байланысты болғандығы атап өтілді.

Пленарлық отырыста ЛХР басшысының міндетін уақытша атқарушы Леонид Пасечник ЛХР Халық Кеңесі қабылдаған жаңа Конституция республикаға Ресей Федерациясының құқықтық өрісінде билік пен басқару органдарын құруға кірісуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Отырысқа қатысқан барлық 43 депутат Республиканың жаңа Негізгі заңын қабылдауға бірауыздан дауыс берді.

Бұған дейін парламент төрағасы, "Единая Россия" бүкілресейлік саяси партиясының Луганск аймақтық филиалының хатшысы Денис Мирошниченко Халық Кеңесі Республиканың Ресей Федерациясының құрамына кіруіне байланысты 2022 жылдың 30 желтоқсанында өтетін пленарлық отырыста ЛХР жаңа Конституциясын қабылдайтынын айтқан болатын.

Луганск Халық Республикасы референдум қорытындысы бойынша 2022 жылғы 30 қыркүйекте Ресей Федерациясының құрамына кіргенін еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу