Либерияда 27 бала өрт ішінде қалып қойды

1686

Сыртқа шығып үлгерген екі оқушының да жағдайы ауыр.

Либерияда 27 бала өрт ішінде қалып қойды

Либерияның мұсылмандарға арналған діни білім беретін мектебі өртеніп, 27 бала жанып кетті, деп хабарлайды Atameken Business.

Екі оқушы ғана сыртқа шығып үлгерген. Олардың халі нашар. Қазір ауруханада жатыр.

Ел астанасының жанында орналасқан шағын қаладағы мектепте кешке қарай электр желілері тұйықталып, өрт шыққан. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Либерия Президенті Джордж Веа сәбилерінен айырылған отбасыларға Твиттер арқылы көңіл айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу