Лицензиядан айырылған банктердегі кепілді қаржы БЖЗҚ-ға аударылады

924

Өзгеріс 1 мамырдан бастап енгізілмек. 

Лицензиядан айырылған банктердегі кепілді қаржы БЖЗҚ-ға аударылады Фото: inbusiness.kz

2021 жылдың 1 мамырынан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) талап етілмеген кепілді өтем сомалары БЖЗҚ-ға аударылады, деп хабарлады inbusiness.kz.

Бұған байланысты "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормалары қолданысқа енгізіледі.

"Бұл дегеніміз, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болған және барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған депозит салымшысы кепілдік берілген өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл ішінде ҚДКБҚ-ға жүгінбесе, онда ҚДКБҚ кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын БЖЗҚ-ға аударады", – деп нақтылап өтті БЖЗҚ баспасөз қызметі. 

Жоғарыда көрсетілген жағдайларға дейін талап етілмеген соманы қайтару үшін салымшы "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Заңға сәйкес ҚДКБҚ-ға өтініш бере алады. 

"ҚДКБҚ өз кезегінде БЖЗҚ-ға хабарлама жібереді және қайтару жүргізіледі. Бұл ретте, егер БЖЗҚ салымшысының  ерікті зейнетақы жарналары бойынша шоты автоматты түрде ашылып, ҚДКБҚ-ға қайтарылғаннан кейін қаражат қалмаса, онда ол бір айдан кейін автоматты түрде жабылады", – деп жазылған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу