Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына 1,9 млн тонна астық түсті

741

Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына 1,9 млн тонна астық  түсті

Өнімнің 1,67 млн тоннасы – бидай, 163,9 мың тоннасы – арпа, 56,4 мың тоннасы – сұлы, тары, қарақұмық және күріш болды. 

"Биылғы астықтың сапалық көрсеткіші жоғары. Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына өткізілген жұмсақ бидайдың 91%-ы 1-3 сыныпқа жатқызылды. Былтыр бұл көрсеткіш 83,8%-ды құрады", – деді министр. 

Ербол Қарашөкеевтің сөзінше, астық қабылдау кәсіпорындарына келіп түсетін астықтың сапасы туралы дерекке сәйкес, құрамында дән маңызы жоғары бидай үлесінің айтарлықтай өскені байқалады.

"Үшінші сыныпты жұмсақ бидай көлемінде әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие дән маңызы 28%-ға және өткен жылы 59,7%-ды құраған жоғары сапалы HI-Pro бидайының сапасы 71,3%-ға дейін өсті", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу