Лицензиялау нормасын бұзған акционерлік қоғам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

683

"Қазақстандық электрондық сауда жүйесі" тауар биржасы біліктілік талаптарына сай емес болып шықты.  

Лицензиялау нормасын бұзған акционерлік қоғам әкімшілік жауапкершілікке тартылды Фото: inbusiness.kz

Астана қаласы "Сарыарқа" ауданы прокуратурасының ұсынымымен лицензиялау нормаларын бұзу және біліктілік талаптарына сәйкес келмеу фактілері бойынша "Қазақстандық электрондық сауда жүйесі" тауар биржасы" АҚ-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Істерді қарау қорытындысы бойынша "Қазақстандық электрондық сауда жүйесі" тауар биржасы" АҚ жалпы сомасы 192 970 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Агенттіктің хабарлауынша, "Қазақстандық электрондық сауда жүйесі" тауар биржасы" АҚ айыппұл сомасын толық көлемде төлеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу