Алматы облысында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Куба, Венгрия және Жапония командаларымен өткізген бірлескен жаттығу жиыны аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Айта кетелік, бірнеше күнге созылған жаттығу жиынында спортшылар спаррингтік кездесулер өткізіп, жалпы физикалық дайындыққа көңіл бөлген болатын.
"Бүгін Алматы облысындағы бірлескен оқу-жаттығуымыз аяқталды. Енді дайындық кезеңін Нұр-Сұлтанда жалғастырамыз. 21 қаңтар күні ұлттық құрама спортшылары елордада жаттығу жиынын өткізеді. Бұл лицензиялық турнир алдындағы шешуші кезең. Сол кезде Қытайдағы лицензиялық турнирге кімдердің қатысатынын жария етеміз. 30 қаңтар күні Қытайға ұшып кетеміз", – деді бас бапкер.