Лицензиясынан айырылған "Capital Bank Kazakhstan" салымшылары не істейді

1216

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры лицензиясынан айырылған "Capital Bank Kazakhstan" салымшыларына үндеу жолдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Лицензиясынан айырылған "Capital Bank Kazakhstan" салымшылары не істейді

2021 жылдың 24 маусымында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Capital Bank Kazakhstan" АҚ-ны барлық банк операцияларды жүргізуге берілген лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған болатын. 

""Capital Bank Kazakhstan" АҚ жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы. Яғни жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің салымдарында, ағымдағы шоттары мен төлем карточкаларында орналастырылған ақшаларына "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ (ҚДКБҚ, Қор) кепілдігі қолданылады", - деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Агенттік "Capital Bank Kazakhstan" АҚ уақытша әкімшілігінің активтер мен міндеттемелерді басқа банкке бір мезгілде беру операциясын жүргізуінен бас тартқан жағдайда ҚДКБҚ салымшыларға кепілдік берілген өтемді төлеп береді. Қор өтем төлеуді бастайтын күнді және төлем тәртібі туралы заңнамада бекітілген мерзімде хабарлайды. Төлемдерді жүзеге асыру шарасы ресми хабарлама 0ор сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап, 5 жұмыс күні ішінде басталады.

Еске саламыз, ҚДКБҚ кепілдік берілген өтемді банк лицензиясынан айырылған күнге қарай есептелген сыйақыны ескере отырып, депозиттегі қалдық сома шегінде төлейді:
теңгедегі жинақ депозиттер бойынша – 15 млн теңгеден;
теңгедегі басқа депозиттер бойынша – 10 млн теңгеден;
шетел валютасындағы депозиттер бойынша – валюта баламасында 5 млн теңгеден аспайды (банк лицензиясынан айырылған күні белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша).

Жеке тұлға немесе дара кәсіпкердің банкте түрі мен валютасы бойынша екі және одан да көп кепілдендірілген депозиттері бар болса, 0ор олар бойынша 15 млн теңгеден аспайтын көлемде кепілдік берілген жиынтық өтем төлейді. Бұл ретте әрбір депозит түрі бойынша кепілдік берілген шекті сомалар ескеріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу