"Лидер болып кеттім": Индира Расылхан күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты

4868

Белгілі әнші Индира Расылхан отбасылық өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Лидер болып кеттім": Индира Расылхан күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты Фото: instagram.com

Өнер иесі жеке өміріне қатысты қауесеттерге нүкте қойды.

“Біз деген ақылдымыз. Күйеуді кінәлауға дайын тұрамыз. Ол жалқау болып туған, мамасының баласы, мәселені шеше алмайды, бала-шағасын ойламайды” деп мін тағамыз. Ал өзіміз ақылдымыз, сұлумыз, жауаптымыз, отбасы мен бала-шағаны ғана ойлаймыз. Өзім жайлы айтатын болсам, ұзақ әңгіме болып кетейін деп тұр. Қысқасы, бір-біріміздің орындарымызды алмастырып алдық. Оған мәселені шешуге мүмкіндік бермедім. “Өзім-өзім” деп мойныма көп жауапкершілік алып қойыппын. Біздегі мәселе осы болды. Көп қателік әйелдің тәкәппарлығынан болады. Мен күйеуімнен жасап шығарамын деп тиеді. Адамды өзгерту мен оны жасап шығару мүмкін емес”, – деді әнші. 

Сондай-ақ, күйеуінің балаларымен де қарым-қатынасы өте жақсы екенін айтты.

“Балаларым толық емес отбасында өсіп жатыр деп санамаймын. Оларға стресс салмауға тырыстық. Мен қалай дұға жасадым, қарым-қатынасымыз да сондай болды. Ол кісі балаларын назардан тыс қалдырған емес. Оларға қамқор болды. Мәселе менде еді. Лидер болып кеттім. Қазір дым білмейтін ақымақпын. Әлеміміз бөлек болды. Ішкі әлем сай келмесе қиын. Оны мен кезінде келтіріп аламын деп ойлағанмын. Бірақ қателесіппін”, – деді Индира Расылхан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу