"Лидер Капитал 168" қаржы пирамидасын ұйымдастырушы 9 жылға сотталды

640

Қарағанды​​ аумағында қаржы пирамидасын құру фактісі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

"Лидер Капитал 168" қаржы пирамидасын ұйымдастырушы 9 жылға сотталды Фото: Тұрар Қазанғапов

Қылмыстық схема бойынша, теңгедегі салымдар бойынша жылына 24%-ға дейін және шетел валютасында 6%-ға дейін немесе ай сайын 5%-ға дейін жылдық табыс алу шартымен инвестиция тарту болған.

Яковлева И.В. 2015 жылдың наурызынан 2020 жылдың сәуіріне дейін Қарағанды ​​және Павлодар облыстарында "Лидер Капитал 168 микроқаржы ұйымы" ЖШС филиалдарын ашып, осы қаржы пирамидасын басқарған. Оның алаяқтығынан жәбірленушілерге 180 млн теңге көлемінде материалдық залал келген.

"Сот үкімімен Яковлева Ирина Викторовна кінәлі деп танылып, оған қаржы ұйымының, банктік және сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару құқығынан, 7 жыл мерзiмге қаржылық ұйымның қатысушысы құқығынан айыра отырып, 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу