Лифт шығаратын зауыт салынады. Бұл туралы облыстық мәслихаттың алтыншы шақырылымның жетінші кезекті сессиясында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Қостанай таңы.
Әкімнің айтуынша, көрші елдердің кәсіпкерлері де индустриалдық аймақ аясында біздің өңірде өздерінің жобаларын жүзеге асыруға ниеттеніп отырған көрінеді. Мәселен, Екатеринбург қаласындағы зауыт облыс орталығында лифт өндірісін іске қоспақ. Қазір бұл тұрғыда екіжақты келіссөздер жүргізілуде. Бір айдан кейін жаңа зауыттың құрылысы басталады. Зауыттың қуаттылығы жылына екі мыңға жуық лифт шығаратын болады. Тек, еліміздің аймағын ғана емес, Орталық Азия мен Шығыс-Еуропа елдерін де қамтиды. Инвестиция көлемі 1 млрд 485 млн теңге. Жобаны іске асыру екі кезең бойынша жүргізіледі, бірінші кезеңі 2018 жылға жоспарланған.