Лифтіде әйелді аяусыз тепкілеген жігіт оның күйеуі екені белгілі болды

810

Заңгер Айгүл Орынбек ер адамның "өткен жылы өзінің сайлау алды бағдарламасында тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресетінін" жазған Шымкенттегі AMANAT партиясының мүшесі, депутаттыққа үміткер Гүлайым Шунгараеваның ұлы екенін хабарлады.

Лифтіде әйелді аяусыз тепкілеген жігіт оның күйеуі екені белгілі болды

"Мынау бейнежазбадағы жігіт – Шымкенттегі AMANAT партиясының  мүшесі, депутаттыққа үміткер Гүлайым  Шунгараеваның ұлы екен! "Инстагарам"  желісіндегі direct-ме көмек сұрап шыққан  қыздың туыстары "қылмыстық іс  қозғалмай, бұрмаланып жатыр" деп шағымданып, көмек сұрауда!", – дейді Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі жазбасында.

Заңгердің сөзінше, Гүлайым ханым өткен жылы өзінің сайлау алды бағдарламасында тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресіп, арнайы әйелдерге арналған орталықтарға барып көмек беретінін, ұлттық құндылық, сосын тәлім-тәрбие жөнінде "көсіліп жазған".

"Гүлайым ханым, Сіз осы зорлық-зомбылық жайттарына қалай араша түсіп, көмек  беріп жүрсіз? Сол кезде-ақ, Мен жылдар бойы қоғамда әйелдер қауымының  құқығын қорғап, заңгерлік кеңес беріп жүрсемде, сізді мүлдем көрмегенмін ғой деп те сұрақ қойғанымда, бұлқан-талқан болған едіңіз! "Орталық аралап, сырттағы әйелдерге көмек бердім" деп оны көпшілікке көрсеткенше, үйдегі өз келініңізге көмек қолын созып, қамқорлық танытпайсыз ба?!", – деп жазды заңгер.

Айгүл Орынбек соққыға жығылған Аружанға заңгерлік көмек көрсететін жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу