Лифттерді паспорттау жылдың соңына дейін аяқталады

795

Лифттерді паспорттау жылдың соңына дейін аяқталады

Астананың лифтілерін паспорттау үдерісі жылдың соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

​"Екі аптада паспорттауды толығымен аяқтаймыз. Лифтілерді 25 жылдан әрі қарай пайдалануға болмайды немесе пайдалану процесіндегі бөлшектерін ауыстырып, майлау қажет. 25 жыл болғандарда мұндай паспорт жоқ екенін түсіну керек. Жыл соңына дейін жалпы базаны қалыптастырамыз", - деді Астана қаласы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Төлеген Құлышев әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында.

Астанада 6653 лифт тіркелген, оның 4910-ы тұрғын үйлерде орналасқан.

2018 жылғы 22 қарашадағы жағдай бойынша 391 көппәтерлі тұрғын үй кешеніндегі 2050 лифт тексерілді. Осы жылы Петров көшесі, 20, Күмісбеков көшесі, 6, Бөгенбай батыр даңғылы, 54 үйлердегі 5 лифт ауыстырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу