Сарапшы мамандар Қазақстанда бедеулік көрсеткіші жыл сайын 15 пайызға артып отыратынын айтады. Осыдан үш жыл бұрын бала сүю бақытынан айырылған 350 мыңнан астам отбасы тіркелген екен, деп хабарлайды elorda.info.
Отбасын сақтау үшін ерлі-зайыптылар балалы болудың ең соңғы жолы – суррогат анаға жүгінеді. Мұндай тәсіл еліміздің бірнеше медициналық орталықтарында жүргізілетінін ескерсек, "құрсақ ана" көмегімен осы уақытқа дейін 20 мыңнан астам бала дүниеге келген.
"30-40 жыл бұрын суррогат анаға рұқсат берген Германия, Франция секілді елдер бүгінде тыйым салуда. Себебе неде? Шетелдік психологтармен әңгімелескенімде, олар бұл кезеңнен өтіп қойғанын айтты. Суррогат анадан туған балалардың нәтижесін көргендіктен, тыйым салу дұрыс қадам екенін алға тартты. Ең қауіптісі – оларда ұрпақ болмауы мүмкін. Елдегі бір жыныстылардың, қызтекелер мен гейлердің көбеюі – соның дәлелі. 40 жыл бұрын қолданған әдіс ұрпақтың азғындауына әкелуде. Бұл тығырықтан шығу үшін аталмыш елдерде енді бала асырап алу кеңінен насихатталуда. Өздеріңіз де білесіздер, елімізге келіп ауру балаларды асырап, соларды емдеп, мейірімін төгіп, Алланың қалауымен кейіннен балалы болып жатқан қаншама шетелдікті білеміз. Сондықтан Батыс көрген тәжірибені қайталамаған жөн. Бұл туралы біздің медицинада көп айтыла бермейді. Дер кезінде тыйым салынса екен деймін", - дейді психолог маман Лимана Қойшиева.