Линзасын шешпей суға түскен әйелдің көзі көрмей қалды

294

Әйелдің көзіне паразит кіріп кеткен. 

Линзасын шешпей суға түскен әйелдің көзі көрмей қалды Фото: freepik

Техас тұрғыны Рейчел Прочноу линзасын шешпей суға түскендіктен көру қабілетінен айырылды. Дәрігерлер оған акантамеб креатиті деген диагноз қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Бастапқыда жеңіл тітркенуден басталған. Кейін әйел қатты ауырсынып, тіпті жарыққа қарай алмайтындай күйге жеткен. Ал араға екі апта салып Рейчел Прочноудың оң көзі көрмей қалды. 

Акантамеб креатиті – суда мекендейтін “аcanthamoeba” паразитінен пайда болатын ауру. Жыл сайын шамамен 1500 америкалыққа аталмыш диагноз қойылады. Олардың 90 пайызы линза тағатындар. 

Аурудың алғашқы сатысында оның дәрі-дәрмекпен емдеуге болады. Алайда  Рейчел Прочноуға дәрігерлер бес мәрте шатасып, қате диагноз қойған. Салдарынан науқасқа ота жасауға тура келді. 

Паразиттерді жою үшін науқастың көзінің сыртқы бөлігін алып тастады. Ұзақ уақыт ем қабылдаған соң әйелге донордың қысаң қабағы трансплантацияланды. Ота сәтті өтіп, науқастың көру қабілеті қайта қалпына келді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу