Лионель Мессиге қатысты сот шешімі шықты

756

Лионель Мессиге қатысты сот шешімі шықты

Испанияның Жоғарғы соты Аргентина құрамасы мен испаниялық "Барселона" клубының 29 жастағы шабуылшысы Лионель Мессиге айыптау үкімін шығарды. Бұл туралы Football Espana Twitter парақшасы жазды, деп хабарлайды kaz.vesti.kz.

Сот Мессиді 21 айға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Испан заңнамасына сәйкес, екі жылға жетпейтін мерзім шартты жазаға ауыстырылуы мүмкін. Сондықтан футболшы жазасын түрмеде өтеуге міндетті емес.

Еске салайық, футболшы мен оның әкесі Хорхе өткен жылдың маусымында 2007, 2008, 2009 жылдары 4,1 миллион еуро салықты жасырды деп айыпталған еді. Бұл қаражатты футболшы өз имиджін қолданғаны үшін алған. Сондай-ақ, кейбір БАҚ-тардың мәліметінше, Месси Месси 2,1 миллион еуро сомасында айыппұл төлеуі тиіс. Ал футболшының әкесінің жазасы 21 айдан 15 айға дейін қысқарды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу