Күйеу жігіт тойдағы әрекеті үшін айыппұл арқалады

231

Ол өзінің үйлену тойында пиротехникалық бұйымдарды қолданған.  

Күйеу жігіт тойдағы әрекеті үшін айыппұл арқалады Фото: canva

Лисаков қалалық сотында азамат Р-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 20 қыркүйекте сағат 23:15 шамасында Лисаков қаласында мейрамхана маңында азамат Р. елдімекенде және оған арналмаған орында пиротехникалық бұйымдарды қолданған. Бұл әрекеті жеке тұлғалардың тыныштығын белгіленген тәртіпті бұзған.​ Сот отырысында Р. өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Ол отшашуды некелесуіне байланысты жасағанын айтты", – делінген хабарламада.

Істің мән-жайын және құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып Р. кінәлі деп танылып, оған әкімшілік айыппұл тағайындалды.

Айыппұлдың мөлшері ӘҚБтК-нің 829-11-бабының 2-бөлігінде көзделген шектерде азайтылып, жалпы сомасы 55 048 теңгені құрады.​

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу