Биыл Лисаков қаласының құрылғанына — 46 жыл. Шаһар тұрғындары жыл сайын қаланың туған күнін ерекше атап өтеді. Облысқа әйгілі Лисаков карнавалы биыл да сап түзеді. Тұрғындардың қиялына қанат бітіретін осы сәт бұл жолы да көптің көңілінен шықты, деп хабарлайды kostanaytany.kz.
Бүгіндері Лисаков өте қарқынды дамып келеді. Облыстың және қала бюджетінен қомақты қаржы бөлініп, қаланың ішкі Лисаков қаласының құрылғанына 46 жыл толдыжолдары жөнделіп жатыр. Мәселен, биыл жөндеу жұмыстарына 600 млн теңге бөлінген болатын. Сондай-ақ, қаланың іргесіндегі Тобыл стансасындағы көпірдің құрылысы аяқталуға жақын. Оның құны — 1 млрд 300 млн теңге. Денисов ауданынан Рудный қаласына баратын жол жөнделеді. Ұзындығы — 114 шақырым, құны — 45 млрд теңге. Бұл өте ауқымды жоба, бұны барлық тұрғындар күтіп жүр, әсіресе, лисаковтықтар. 2020 жылға таман құрылыс аяқталатын болады. Кәсіпкерлікке кең өріс ашатын күре жол болмақ. Игілікті істер бұнымен шектелмейді. Өздеріңіз білесіздер, бүгіндері қалаға және қала маңындағы елді мекендерге көгілдір отын тартылып жатыр. Сонымен қатар, Лисковта мектеп пен балабақша жеткілікті, биыл мемлекеттік және жекеменшік әріптестіктің арқасында соңғы балабақша қолданысқа берілмек. Нәтижесінде, Лисаков "Балапан" бағдарламасын толықтай орындаған еліміздегі алғашқы қала болмақ. Барлық балалар жүз пайыз мектепке және балабақшаға барады. Сонымен қатар осы Орталық стадионды жөндеуге 300 млн теңге бөлінді. Келер жылы талапқа сай жаңартылып, облыстық "Тың-Целина" спартакиадасы Лисаковта өтпек.