Лисаковск қаласында жүргізуші полициядан қашамын деп мерт болды

193

Ол көлікті мемлекеттік нөмерсіз айдаған.  

Лисаковск қаласында жүргізуші полициядан қашамын деп мерт болды Фото: "Новая газета"/Видеодан скриншот

1 желтоқсанда Лисаковск қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жолда қауіпті маневр жасап, жаяу жүргінші өткелінде адамға жол бермеген ВАЗ-21093 автокөлігіне назар аударады.

Полицейдің заңды тоқтату талабына жүргізуші жауап бермей, әрі қарай жылдамдықты арттырып жүре берген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жүргізуші қарсы бағытқа шығып, бетон жарықтандыру тірегіне соғылған. Алған жарақаттарының салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды. Автокөлікте болған жолаушы ауыр жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастың жағдайы жақсы, тиісті ем-домын алып жатыр. 

Алдын ала деректер бойынша, қайтыс болған жүргізуші бұған дейін көлікті мас күйде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, барлық мән-жай анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу