Португалияда шағын трамвай апатқа ұшырап, 15 адам қаза тапты

217

Лиссабонда тарихи Glória фуникулері рельстен шығып, ғимаратқа соғылып, ірі апатқа әкелді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Португалияда шағын трамвай апатқа ұшырап, 15 адам қаза тапты Фото: BBC

Оқиға сәрсенбі күні кешке, шамамен сағат 18:00-де қаланың орталық бөлігіндегі тар көшелердің бірінде орын алды.

Ресми деректерге сәйкес, кемінде 15 адам қаза тапты, тағы 18 адам жараланды. Жараланғандардың бесеуі ауыр хәлде, олардың арасында 1 бала бар. Жедел қызмет өкілдері апат орнында 2 сағат бойы құтқару жұмыстарын жүргізіп, барлық зардап шеккендерді эвакуациялады.

Португалия билігі апатқа байланысты елде ұлттық аза тұту күнін жариялады. Ал Лиссабонда 3 күндік аза тұту өтетіні хабарланды.

Glória фуникулері 1885 жылдан бері жұмыс істеп келеді және Лиссабонның басты туристік нысандарының бірі саналады. Жыл сайын бұл шағын трамвай шамамен 3 миллион жолаушыны тасымалдайды. Ол қаланың мәдени және тарихи символдарының қатарына енген.

Апаттың нақты себебі әзірге анықталған жоқ. Алдын ала болжам бойынша, қозғалысты қамтамасыз ететін кабель босап қалған болуы мүмкін. Тергеу жұмыстары басталып кетті.

Бұл қайғылы оқиға Португалия астанасының жүрегінде болып, бүкіл елді дүр сілкіндірді. Әлемдік ақпарат құралдары Лиссабонның тарихындағы ең ірі көлік апаттарының бірі ретінде бағалап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу