Литріне 18 303 теңге: Ауыл әкімдігінде бензинді жоғары бағада алмақ болған

531

Қызылорда Антикоры бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алды.   

Литріне 18 303 теңге: Ауыл әкімдігінде бензинді жоғары бағада алмақ болған Фото: magnumoil.ru

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті әкімінің аппаратымен жалпы көлемі 7 260 литр "АИ-92" маркалы бензинді 1 литрін 18 303 теңгеге, яғни нарықтық құнынан 100 есе асып, сатып алу жоспарланған, деп хабарлайды inbusiness.kz өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сатып алулардың бірыңғай терезесіне тұрақты негізде мониторинг жасау арқылы 131 миллион теңгеден аса бюджет қаражатының негізсіз жұмсалу дерегін анықтаған.

"Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті әкімінің аппаратымен жалпы көлемі 7 260 литр "АИ-92" маркалы бензинді 1 литрін 18 303 теңгеге, яғни нарықтық құнынан 100 есе асып, сатып алу жоспарланған. Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына сатып алу бағасын қайта қарап, оны сәйкестендіру жөнінде ұсыныс хат жолдады", - делінген хабарламада.

Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша, 131 миллион теңге шамасында бюджет қаражаты үнемделді.

Әкімдіктің жауапты тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу