Литва халқының таңдауы Гитанас Науседаға түсті

884

Енді ол елдің жаңа президенті болмақ.

Литва халқының таңдауы Гитанас Науседаға түсті

Литва халқы жаңа президентін сайлады. Саяси додада дауыстардың 68,4%-ын жинаған тәуелсіз экономист Гитанас Науседа жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Atameken Business.

Оның негізгі қарсыласы болған бұрынғы қаржы министрі, консерваторлар өкілі Ингрида Шимоните 30,3% дауыс жинаған. Дауыс әлі де саналып жатқанымен, нәтиже айтарлықтай өзгермейді. Сондықтан Гитанас Науседа елдің экс-президенті Даля Грибаускайтеден құттықтау қабылдап та үлгерді.

Ал Литва азаматтарына жаңа президент жас пен кәрі, бай мен орта тап, қаланың ортасы мен сыртындағы халықтың бәрі өзара тату, жайлы өмір сүреді деп уәде берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу