Литва көшбасшысы Қазақстан Президентін ресми іс-сапармен келуге шақырды

568

Қазақстан Елшісі Тимур Оразаев Литва Президенті Гитанас Науседамен кездесіп, Президенттің сенім грамоталарын табыс етті. 

Литва көшбасшысы Қазақстан Президентін ресми іс-сапармен келуге шақырды Фото: gov.kz

Салтанатты рәсімнен кейін өткен кездесу барысында Елші Литва көшбасшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздерін және ізгі тілектерін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өз кезегінде Литва көшбасшысы елімізде жүргізіліп жатқан саяси жаңғыруды жоғары бағалап, Қазақстан басшысын Вильнюске ресми сапармен келуге шақырды.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың бірқатар өзекті мәселелерін талқылап, көлік бағыттарының, оның ішінде Орта дәліз бағыты бойынша Транскаспийлік бағыттың транзиттік әлеуетін одан әрі іске асыруға баса назар аударды. Сұхбаттастар инвестициялар, ауыл шаруашылығы, білім беру және медицина саласындағы өзара іс-қимылдың кең перспективаларының бар екенін атап өтті.

Кездесу соңында Литва Президенті Елшіні ресми қызметке кірісуімен құттықтап, Қазақстан-Литва қатынастарын одан әрі нығайту ісіне табыс тіледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу