Литва, Латвия және Жаңа Зеландия Киевтің Украинадағы геноцид туралы шағымын қолдауға дайын

605

ICJ 2022 жылғы 16 наурызда "Ресей Украинадағы "әскери операциясын" дереу тоқтатуы керек" деген үкім шығарған болатын. 

Литва, Латвия және Жаңа Зеландия Киевтің Украинадағы геноцид туралы шағымын қолдауға дайын

БҰҰ-ның Халықаралық соты (ICJ) Литва, Латвия және Жаңа Зеландияның Киевтің Мәскеуге қарсы шағымын, яғни "Ресей Украинада геноцид ұйымдастыруда" деген шағымын қолдауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

БҰҰ-ның геноцид қылмысының алдын алу және оны жазалау туралы Конвенциясының мүшесі болып табылатын бұл үш мемлекет (Нью-Йорк, 1948 жылғы 9 желтоқсан) осылайша Украинаға қолдау көрсетпек.

Сот процесіне қатысу құқығына ие болған жағдайда олар тыңдалым кезінде мәлімдеме жасап, ескертулер айтып, өз талаптарын қоя алады.

БҰҰ-ның Халықаралық соты Киев пен Мәскеуден бұл үш елдің үндеуіне қатысты пікір білдіруін сұрады.

Еске сала кетсек, ICJ 2022 жылғы 16 наурызда "Ресей Украинадағы "әскери операциясын" дереу тоқтатуы керек" деген үкім шығарған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу