Литва мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы артты

Қос ел бір-біріне қандай өнімдер экспорттайды?   

Литва мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы артты Фото: Егемен Қазақстан

Қазақстан мен Литва арасындағы тауар айналымы артып, 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 500,4 млн долларды құрады, деп жазады inbusiness.kz Экономикалық зерттеулер институтына сілтеме жасап. 

Бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2 есе жоғары.

Қазақстаннан Литваға экспортталған  негізгі тауарлар: шикі мұнай, күкірт, балық еті.

Ал Литвадан Қазақстанға полиэфир, эпоксидті шайырлар, металл конструкциялары жеткізіледі. 

Қазақстаннан Литваға экспортталады: 
- шикі мұнай – $340,2 млн; 
- күкірт – $11,1 млн; 
- балық еті – $7,7 млн. 
 
Литвадан жеткізіледі:  

- полиэфир, эпоксидті шайырлар – $17,8 млн; 
- резеңкеден жасалған жетекті жабдықтар – $7,7 млн; 
- қара металдардан жасалған конструкциялар – $6,9 млн.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу