Литва мина қуатын ұлғайтуға ниетті және өз аумағында оны өндіру жолдарын қарастыруда, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы Қорғаныс министрі Лауринас Кащюнас елдің қорғаныс әлеуетінің дамуы туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды LRT.
"Ең маңызды әрі ресурстарды қажет ететін, бірақ ең тиімдісі - бұл мина әлеуетін дамыту, нығайту және сатып алу", – деді Кащюнас Үкіметтегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, Литва миналарды сатып алып жатыр және оларды келесі жылы жалғастыруды жоспарлап отыр. Он жыл ішінде қарсы ұтқырлық құралдарына, негізінен миналарға 600 миллион еуро жұмсау жоспарлануда.
"Негізгі назар танкке қарсы миналарды, сондай-ақ, бортқа қарсы және бентикалық миналардың әртүрлі түрлерін сатып алуға аударылады, өйткені біз тек жер үсті миналарын ғана емес, сонымен қатар, теңіз миналарын алуымыз керек", – деп қосты ведомство басшысы.
Министр сондай-ақ Литва отандық кәсіпорындармен ел аумағында мина өндіру мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өтті.
"Біз өндіріс орындарымен Литва минасын жасау мүмкіндігін талқылаймыз, қарапайым түрі болса да, тиімдісін жасау керек", – деді Кащюнас.
Министр сонымен қатар, кейбір компаниялар бұған дайын екендіктерін білдірді және тамыз айында Литва миналарын өндіру перспективаларын талқылау үшін кездесулер жоспарлануда.