Литва ресейліктерге берілген Шенген визаларының күшін жоюды ұсынды

573

Бұған дейін Финляндия үкіметі Ресей азаматтарына виза беруді 90 пайызға қысқартатынын жариялаған еді.

Литва ресейліктерге берілген Шенген визаларының күшін жоюды ұсынды

Еуроодақ елдері ресейліктерге берілген туристік Шенген визаларының күшін дереу жоюы керек. Литва СІМ-нің басшысы Габриэлюс Ландсбергис осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біз визаларға салынатын тыйымды тиімді ету үшін бірлесе әрекет етуіміз керек. Осы сәттен бастап Ресей мен Беларусьтен келген туристерге "жоқ" деп айту керек. Бірақ Еуропаға демалыс іздеп емес, баспана сұрап келетіндерді қабылдау қажет", – деді ол. 

Министр бұрын берілген ұзақ мерзімді визалардың күшін жоюды ұсынды. Ол Ресейдің Украинадағы әскери әрекеті тоқтамайынша ресейліктерге виза бермеуге шақырды.

Бұған дейін Финляндия үкіметі Ресей азаматтарына виза беруді 90 пайызға қысқартатынын жариялады. Елдің Сыртқы істер министрі Пекка Хаависто қыркүйек айынан бастап ресейлік туристер жіберген визалық өтініштердің тек 10 пайызы қабылданатынын мәлімдеді. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу