Алматы мен Шымкент қалаларында Литва университеттерінің ақпараттық сессиясы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ сайтына сілтеме жасап.
Онда қазақстандықтар Литвадағы ЖОО-ларда бакалавриат және магистратура бағдарламалары, оқуға түсу үрдісі, грант пен стипендия жөнінде біле алады. Сондай-ақ, грантқа оқуға түскендердің арасынан әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге ай сайын берілетін стипендия қарастырылмақ.
Шымкент қаласындағы кездесу Жастар ресурстық орталығында (Момышұлы көшесі 4) 11 наурызда сағат 10:00-де өтеді.
Алматы қаласындағы кездесу 13 наурызда сағат 10:00-де Ұлттық кітапханада (Абай даңғылы 14) ұйымдастырылады.
Литва университеттерінің бағдарламалары мен мамандықтары келесі сілтемелерде: Vytautas Magnus University, Kaunas University of Technology, Lithuanian Sports University.